Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 2000 жылдан бері өскелең ұрпақтың, бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгерту, сурет өнеріне деген қызығушылықты арттыру мақсатында көркемсурет студиясы жұмыс жасап келеді.
Студияда Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшелерімен еркін тақырыпта сурет салу, шығармашылық ізденістерге жол ашу, бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйрету мақсатында шеберлік сыныптары өткізіледі. Арнайы жабдықталған көркемсурет студиясында кәсіби суретші-мұғалімдер дәріс береді.
Сабақ кестесі (дүйсенбі-сенбі)
сағат 10:00-12:00 және 15:00-17:00 аралығы.
Оқу ақысы– 10 000 теңге.
Мекен жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 11
Байланыс телефоны: 32-75-43
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.