КГКП «Музей художественного и декоративно-прикладного искусства Атырауской области
имени Шаймардана Сариева
Управление культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области

Дәукенов Елеуғали Тұрсынғалиұлы

1967 жылы 26 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. 1975-1985 жылдары Крупская атындағы орта мектепте білім алған. 1988-1992 жылдар аралығында Н.В.Гоголь атындағы Алматы Көркемсурет училищесін бітірген. 1994-1996 жылдары Қазақ-Түрік лицейінде суретші-мұғалім болып қызмет атқарған. 2015 жылдан бастап Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде бейнелеу студиясында суретші-мұғалім болып еңбек етеді. Шәкірттері бүгінде Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына, Таңсықбаев атындағы көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, білім алуда. 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ерліктерің мәңгі есте» атты суретшілердің облыстық байқау көрмесінде – І орынға, ал 2020 жылы Жеңістің 75 жылдығына арналған суретшілердің «Жеңісті мамыр» атты аймақтық байқау көрмесіненде – ІІІ орынға ие болды.
«Қара кемпір» туындысы әнші, композитор Алтынбек Қоразбаевтың «Қара кемпір» өлеңіне орай салынған. 40 жыл бойы соғыстан келіп қалар деген үмітпен қос құлынын зарыға күткен ананың бейнесі суреттелген.
«Отаның тыныш-сен тыныш» атты туындысында бейнеленгендей 18 ғасырдағы Маңғыстау өңірінің елді мекенінің көрінісі. Батыр еліне оралып, тынығып, өзіне бос уақыт тауып, ауыл сыртында ойнап жүрген балаларға қой тастан қашап, жануарлардың мүсінін жасап беруде. Автор елдің тыныштығын батырдың жайлы отырысымен бейнеленген. Алаңсыз асық ойнап, садақ атып жүрген балалар ойынын қоя салып қызықтап қарауда. Батырдың сол жағында, иығына қолын салып тұрған қыз, батырдың кенже қызы Әйкерім.
Туындылары Ш.Сариев атындағы Өнер музейі қорында сақталған.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
muzei92@mail.ru
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ