КГКП «Музей художественного и декоративно-прикладного искусства Атырауской области
имени Шаймардана Сариева
Управление культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области

Тұрсын Әбуов

Тұрсын Әбуов 1936 жылы 6 маусымда Алматы облысының Іле ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітіріп шықты. 1966-1975 жж. осы училищеде кескіндемеден сабақ берді. 1969 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1976 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді.

Тұрсын Әбуов Қазақстан бейнелеу өнеріне 1960-жылдары Қазақстан кескіндемесін өзіндік құбылыс ретінде танытқан ұлттық стильдің қалыптасқан кезеңінде келді. С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев, Ш. Сариев және тағы басқа алпысыншы жылдардағы қазақстандық жаңашыл суретшілердің қатарында Тұрсын Әбуов әлемдік мәдениет кеңістігіне дала көшінің мәдениетін сенімді әрі көркемдеп жеткізді.

1998 жылы Тұрсын Әбуовке Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері атағы беріліп, оны суретшіге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен табыс етті.

Ол жұмысын бір сәт те тоқтатқан емес, шеберлік сабақтарын өткізіп, көрмелерге қатысуын жалғастырып келеді. Қазақстаннан басқа Ресей, Өзбекстан, Түркия, Корея, Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан, Австрия, Голландия елдерінде өткен көптеген халықаралық көрмелерде өз туындыларын халыққа көрсетті.

Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Т.Әбуовтың 5 туындысы сақталған.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
muzei92@mail.ru
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ