1978 жылы Іле қазақ автономиялы облысы, Күнес ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Шыңжаң өнер акедемиясы сурет факультетінің «Майлы бояу» мамандығын, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Кескіндеме» факультетінің өнертану ғылымдарының магистр мамандығын тәмамдаған.
ҚХР Шыңжаң Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақстан көркем акедемиясының корреспондент мүшесі. Халықаралық, бүкілодақтық және республикалық көрмелер мен симпозиумдардың қатысушысы.