1968 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылында дүниеге келген. 1993 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін тәмамдаған. 2005 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Театр суретшісі» мамандығын, 2015 жылы «Өнертану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. 2020 жылы «Халықаралық талант сыйлығының лауреаты», «Білім және мәдениет саласының үздігі», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. 2013 жылдан Атырау облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының бас суретшісі. Бірнеше облыстық, республикалық көрмелердің қатысушысы.