2023 жылдың 25 мамыр күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде КСРО Суретшілер Одағының мүшесі Жүсіпов Әли Асқарұлының өнер музей қорындағы туындыларынан дәріс сағат өткізілді.
Дәріс сағат өткізудегі басты мақсат – музей көрермендерін суретшінің өмірбаянымен, ерекше шығармашылығы және Өнер музей қорындағы мәдениеттің мәйегі саналатын тың туындыларымен таныстыру. Жүсіпов Әли Асқарұлы 16.11.1928 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 4 жасынан жетім қалып,Жамбыл, Қазалы, Түркістан қалаларындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1948 жылы Фрунзе қаласындағы көркемсурет үчилищесінің студенті болды. Училищені бітіргеннен кейін өте дарынды Әли Жүсіпов Ленинградтағы И.Е.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтына оқуға түсті. Оқыту кескіндеме факультетінде өтті, кескіндеме суретшісі біліктігі берілді. 1956 жылдан көрмелерге қатысушы. 1959 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. Алматы қаласында тұрып еңбек етті.
Әли Асқарұлы табиғаттың өмірі мен сұлулығын сезінетін лирикалық суретші. Оның пейзаждары суретшінің бақылауларының нәзіктігін, табиғатқа деген сезімдерінің шынайылығы мен жеделдігін қамтиды. Портрет жанрының туындылары суретшінің өзіндік жұмысының тағы бір қыры. Ол портреттік жұмыстар галериясын құрды, онда суретші шығармашылық және рухани бай адамдардың күрделі көп қырлы кейіпкерлерін көрсетуге тырысты.
Дәріс сағатта Облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі қорындағы Жүсіпов Әли Асқарұлының «Алатау таулары»; «Бақытты балалық шақ» тақырыбындағы туындылары қойылып, таныстырыды.