Махамбет Өтемісұлы бабамыздың 220 жылдығына арналған “Атадан туған аруақты ер” республикалық симпозиумына қатысушы қылқалам шеберлері өз жұмыстарын арнайы студияда жалғастыруда.
Бүгін симпозиум жұмысының барысымен танысуға Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жоламанов Әбіл Тауфиқұлы келіп, суретшілерге сәттілік тіледі.