КГКП «Музей художественного и декоративно-прикладного искусства Атырауской области
имени Шаймардана Сариева
Управление культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области

«Натюрморт» жанрынан жинақталған картиналар көрмесі

2023 жылдың  21 шілде  күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы  көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Натюрморт» жанрынан жинақталған картиналар көрмесі  өтті.
Шараның мақсаты: музей қонақтарына натюрморт туралы мағлұмат беру, қылқалам шеберлерінің натюрморт туындыларының композициялық құрылымын, бояуларының сәйкестігі мен әсемдігін табу жолдарын түсіндіру. 
Натюрморт – бейнелеу өнері жанрының бірі, қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында, дәл де нәзік жеткізуді талап етеді.  Натюрморттың алғашқы белгілері Ежелгі Шығыс, Рим, Грекия өнерінде көрініс тапқан. Натюрморт жанр ретінде XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында пайда болды. Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт-қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.
Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.
Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.
Көрмеде Өнер музейі қорындағы  «натюрморт» жанрында жинақталған Ж.Дужнованың «Хризантемалар», С.Козловтың «Кітап пен гүлдер», В.Тосуновтың «Натюрморт Гурьевский», М.Қайдаровтың «Балық пен натюрморт», С.Кәрібайдің «Натюрморт» және т.б туындылары көрсетіліп, таныстырылды.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
muzei92@mail.ru
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ