🖇️2023 жылдың 15 тамыз күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Картинаны жазудың дәстүрлі емес әдістері» тақырыбында тақырыптық дәріс-сағат өтті.
🗞️Дәріс-сағаттың мақсаты: адамның шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін дәстүрлі емес картина жазу әдістерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау.
🗞️Дәстүрлі емес картина жазу әдістері-бояулар, сызықтар және картинаның сюжеті үйлесім табатын жаңа, ерекше өнер туындысын жасау тәсілдері. Бұл ойлануға, ізденуге, тәжірибе жасауға және онымен алмасуға үлкен мүмкіндік болып табылады.
🗞️Дәстүрлі емес сурет жазудың көптеген әдістері бар. Бұл әдістердің ерекшелігі- қажетті нәтижеге тез жетуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі емес сурет жазу-бұл дәстүрге сүйенбестен бейнелеу шеберлігі.
🖌️Сурет жазудың дәстүрлі емес әдістері өте қызықты және пайдалы. Өз қолыңызбен жазылған жұмыстар достарыңыз бен жақындарыңызға жақсы сыйлық бола алады.
Дәріс-сағатқа қала тұрғындары қатысып, картина жазудың дәстүрлі емес әдістерін талдады. Дәріс-сағатты экскурсия жүргізуші М.Болатова өткізді.