🔹2024 жылы 25 қаңтар күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Аниме – менің кейіпкерлерім» тақырыбында музей жанындағы көркемсурет студиясы оқушыларының шығармашылық көрмесі өтті.
🔸Көрменің мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің аниме жанры туралы түсінік беру; жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығына қолдау жасау, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
🔹Аниме – жапон анимациясы. Жапон тіліндегі аудармасы да осы нұсқаны көрсетеді. Анименің қарапайым мультфильмдерден айырмашылығы көрермендері тұрақты балалар емес, орта жасқа да және үлкендерге де арналған. Аниме суретпен салынған кейіпкерлерімен ерекшеленеді.
🔸Аниме жалпы көрерменге арналған серия түрінде және жеке қызығушыларға арналған арнайы фильм ретінде де көрсетіледі. Ең қызығы бір анименің өзінде түрлі жанрлар мен кейіпкерлер тоғысқан.
🔹Көрмеге көркемсурет студиясы оқушыларының жұмыстары қойылды. Әрбір жұмыс ерекше, үлкен ықылас пен сүйіспеншілікпен бейнеленген. Кез-келген сурет балалардың шынайылығы мен энергетикасына толы. Суреттер гуашьпен, акварельмен және түрлі-түсті қарындашпен салынған.