?Бүгінгі таңда Атырау облысы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі қорында графика, кескіндеме және қолөнер бұйымдары сақталған. Музей қоры қайталанбас қылқалам және қолөнер шеберлерінің жауһар туындыларымен жыл сайын толығып отырады. ?Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі бейнелеу өнерімен қатар, қолданбалы-сәндік өнерді дамытуға, ұлт мәдениеті мен өнерінің бай мұрасын, дәстүрі мен дүниетанымын өнертану ғылымымен ұштастыра жетілдіруге, қолөнер түрлерін насихаттауға жете мән бере отырып, жалғастырып келеді. Біздің мақсат музейге келген әрбір көрерменге рухани демалыс сыйлай отырып, музей қорындағы бай экспонаттармен жақынырақ таныстыру, насихаттау, ақпараттандыру.
?Айта кетелік, музейдің көрермен танысатын экспозициялық залдарының барлығы дерлік жоғары қабатта орналасқан болатын. Мұнда келген жоғары қажеттілікті талап ететін жандарға қолайлы орта қалыптастырудың барлық мүмкіндігі қарастырылған. Бүгін музейге келген осындай көрерменіміз жоғары қабатта 9 экспозициялық залда орналасқан әр туынды, әр жәдігер тарихымен, әр туындының сипаттамасымен кеңінен танысты. Кезекті өткен «Аниме – менің кейіпкерлерім» көрмесіне қойылған оқушылар туындыларымен де қызыға тамашалады. Өнер туындылары туралы мол мағлұмат алып, рухани демалыс сыйлаған өнер ұжымына алғысын жеткізді. Экскурсияны жүргізген М.Абдулхайырова және М. Болатова.