2024 жылдың 1 қазан күні «1 қазан – «Халықаралық қарттар күніне» арналған «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шараға облыс әкімі Серік Шапкенов қатысып, сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
Шара аясында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында музей қоры туындыларынан жылжымалы көрме өтті.
Шараның мақсаты: Өнер музейінің қорындағы туындыларды қарттардың назарларына ұсынып, қылқалам шеберлерінің өмірбаяны және шығармашылығымен таныстыру.
1990 жылы желтоқсан айының 14 жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялады. Осылайша, біз 1 қазан күні Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Үлкенді сыйлау, оларды құрметтеу – біздің ата-бабадан келе жатқан қасиетті салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел дегендей, даналықтың алтын кілті — ата-бабаларымыз.
Шараға М.Даулетияровтың «Жеңіс саябағы», «Азияға апарар жол»; Х.Мусинаның «Мәдениет сарайы»; М.Габдрахмановтың «Жайық»; Қ.Амановтың «Жаңа көпір»; Т.Мұқаттың«Жайық үстіндегі көпір»; Ө.Шорановтың «Жайық жағасы»; «Атырау қала көрінісі» т.б туындылары апарылып, көрермен назарына ұсынылды.