2025 жылдың 27 мамыр күні Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы – сәндік өнер музейі Атырау қаласының орталығы Жайық жағалауында «Бояулар әлемі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты – Атырау және еліміздің басқа да аймақтарынан, атап айтқанда Семей, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан облысынан шыққан танымал суретшілердің туындыларын жергілікті тұрғындар мен қонақтарға таныстыру.
Жылжымалы көрмеге Қарлығаш Шалабаеваның «Сарайшық мешіті», Айса Утаралиевтің «Мұнайшы Стадион», Темірбек Сағымбаевтың «Кең қазақтың даласы», Жеңіс Молдабековтың «Жайық өзені», Нұрбек Жардемовтың «Жайық жағалауы», Қамбарбек Амановтың «Екі аққу», Елеуғали Даукеновтың «Маки», Марат Абдреевтің «Ақ мешіт», Алтыншаш Алпысбаеваның «Мұнайлы өлке», Серікжан Ысқақтың «Кешкі Атырау» және т.б. туындылары қойылды.
Көрмеге жағалау бойында серуендеп жүрген жергілікті тұрғындар мен қонақтар, шетелдік азаматтар қызығушылық танытып, туындылар бойынша барлық сұрақтарына жауап алып, өз ойларымен де бөлісті.