КГКП «МУЗЕЙ ХУДОЖЕСТВЕННОГО И ДЕКОРАТИВНО-ПРИКЛАДНОГО ИСКУСТВА АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
ИМЕНИ ШАЙМАРДАНА САРИЕВА
УПРАВЛЕНИЯ КУЛЬТУРЫ И РАЗВИТИЯ ЯЗЫКОВ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ»

HERITAGE TURQUOISE 2025 реставрация, археология, музейтану, кітапхана технологиялары және мәдени мұра, туризм жөніндегі көрме мен конференциясы

Үстіміздегі жылдың 28-30 мамыр күндері Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласындағы Жібек жолы Халықаралық туризм және мәдени мұра университетінің ғимаратында TG Expo International Fuarcılık (TG Expo International Fairs Inc.) түрік көрме компаниясының ұйымдастыруымен HERITAGE TURQUOISE 2025 реставрация, археология, музейтану, кітапхана технологиялары және мәдени мұра, туризм жөніндегі көрме мен конференциясы ұйымдастырылды.
Шараға Қазақстандық делегация қатарында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты бір топ мәдениет мекемелері басшыларымен бірге Атырау облысы Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы қатысты.
Конференцияда Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова баяндама жасады. Конференцияда музейтану, археология, реставрация, кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау, туризмды дамыту ісі бойынша мәселе қозғалып, түрлі көрмелер ұйымдастырылды. Ауқымды шараның аясында конференцияға қатысушылар тәжірибелер алмасып, тың идеялар мен жаңа жобаларды жүзеге асыру бағыттарына қанықты.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
sariev_museum@mail.kz
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ