«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі

Атырау облысы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі 1992 жылдың 2 сәуірінде халық депутатары Атырау облыстық Кеңесінің атқару комитетінің 1990 жылы 15 қарашада №308 шешіміне сәйкес ашылып, 1999 жылы қыркүйек айында облыс әкімшілігінің ұйғаруымен және Қазақстан Республикасы мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығына Атырау облысының халқына тарту ретінде «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының демеушілік көрсетуімен жөндеуден өткізіліп, халыққа қызмет көрсетіп келеді. Музейдің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев қатысқан болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі №690 қаулысы бойынша музейге жерлесіміз, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, суретші Шаймардан Сариевтің есімі берілді. Сариев Шаймардан Тілемісұлы /1937-1988жж./ 1937 жылы 23 желтоқсанда Атырау облысының Новобогат /қазіргі Исатай/ ауданының Забурын селосында дүниеге келген. 1954 жылы Новобогат ауданында Амангелді атындағы орта мектепті бітіріп, 1954-1956 жылдары комсомолдық жолдамамен Қарағандының №19 «БИС» шахтасында, 1956-1959 жылдары Рига қаласында әскер қатарында жүріп, Прибалтика әскери округінің көркемсурет студиясына қатысқан. 1959-1962 жылдары Харьков қаласының көркемсурет институдында білім алған. 1962-1967 жылдары «Өнер» комбинатында суретші болып жұмыс жасаған. 1967-1976 жылдары КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Қарағандыда Суретшілер Одағының көркемдік қор бөлімінде суретші болып қызмет атқарған. 1976-1982 жылдары «Жазушы», «Өнер» баспаларының суретшісі болса, 1982 жылы «Табиғатта қонақта» деген сурет кітабын шығарды. 1988 жылы Алматыдағы Ғалымдар үйінде үлкен сурет көрмесі ұйымдастырылды. Атырау облысы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің қорында жәдігер саны 2255 дана. Оның ішінде графика жанрында 1082 туынды, кенеп, майлы бояу жанрында 1014 туынды, қолөнер бөлімінде 159 жәдігер сақталған. Музей залы қордағы туындылармен үнемі музей жоспарына сай өткізілетін шараларға байланысты ауысып тұрады. Музей қоры қайталанбас қылқалам және қолөнер шеберлерінің жауһар туындыларымен толықтырылуда. Музей ашылғаннан бергі 32 жыл ішінде музей қоры құнды картиналармен толықты. Музейдің 9 экспозициялық залдары бар: Ш.Сариев залы, Орталық залы, Асыл мұра залы, екі Қолөнер залы, Графика залы, Махамбет залы, Көрме залы, Сарайшық залы.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ