1949 жылы 24 тамызда Қостанай облысы, Қоржынкөл ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады. 1981 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, график-суретші. 1977 жылдан облыстық, республикалық, халықаралық көрмелердің қатысушысы. 1988-2005 жылдары О.Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді.