Айыпқалиев Кеңес Тұңғышбайұлы
1985 жылдан бері қолөнермен айналысып келеді. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітірген.
1997 жылы ЮНЕСКО көлемінде өткен Қазақстан қолөнер шеберлерінің дипломанты. 2001 жылы «Тәуелсіз елге – өркенді өнер» атты облыстық байқаудың III дәрежелі дипломанты. 2002 жылы ЮНЕСКО көлемінде өткен «Махамбет менің көзіммен» атты байқаудың І дәрежелі дипломанты. 2005 жылы «Қолөнер – Еуразия мәдениетінің ажырамас бөлшегі» атты халықаралық фестиваль көрмесінің дипломанты. ҚР Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған суретшілердің «Желтоқсан желі» атты облыстық байқауының І дәрежелі дипломанты. 2019 жылдан бері ҚР-ның Суретшілер одағының мүшесі.
Ағаш, сүйек, тері, металл қолдану арқылы ұлттық нақыштағы бұйымдар жасайды.