4 маусым тарихымыздың алтын беттерінен орын алатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. мемлекеттік рәміздер ретінде ту мен елтаңба - егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері. Гимн - осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!