КГКП «Музей художественного и декоративно-прикладного искусства Атырауской области
имени Шаймардана Сариева
Управление культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области

«Сан қырлы бояу сыры» тақырыбында онлайн бейне дәріс-сағатын ұсынамыз

Графика - бейнелеу өнерінің бір жанры, сурет және бірнеше данасын көптеп басып жазатын  көркем суретті бейнелер гравюра, литография, ксилография, офорт, акватинта т.б. техникада жасалады. Графика сурет өнеріне негізделеді, бірақ бейнелеудің басқа түрлерінен - өзіндік бейнелеу құралдары мен стилистикалық мүмкіндіктері арқылы ерекшеленеді. Графикада кескіндеме жанырындағыдай акварель, гуашь қолданады. Өнерде орны бар кеңістікте қаламын еркін самғата білген график суретші Қайырбай Зәкіров Қонысбайұлының графикалық жұмыстарын атап айтуға болады.
1945 жылы 25 ақпанда Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген Зәкіров Қайырбай  1968 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін  Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының көркем-графикалық факультетін бітірген. 2008 жылдан Қызылорда «Болашақ» университетінің құрметті профессоры. 2006 жылдан ҚР Көркемөнер академиясының академигі. 2002 жылы жарық көрген «Шалқасынан туған ай» өлеңдер жинағының авторы. Жұмыстарында графикалық бейнелеудің диапазоны линогравюра, офорт, акватинта, литография техникаларында көрсете білген суретші. 
Назарларыңызға Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің өнертанушысы Тоғаева Кәмшат Молжігітқызының  ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының академигі, Еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Закіров Қайырбай Қонысбайұлының «Сан қырлы бояу сыры» тақырыбында онлайн бейне дәріс-сағатын ұсынамыз.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
muzei92@mail.ru
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ