Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» ҚММ-мен бірлескен «Шын жүректен...» атты шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан татар-башқұрт, неміс этномәдени орталық өкілдері өз ұлтының қолөнер туындыларын таныстырды. Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі жанындағы көркемсурет студиясы оқушылары көрмеге қатысып, шара барысында өздерін қызықтырған жәдігерлер туралы кеңінен мағлұмат алды.