Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай Қазақстан бейнелеу өнеріндегі әйелдер бейнелеріне арналған «Ана шуағы» көрмесі өткізілді. Музей қорынан жинақталған көрмеге нәзіктік, жылулық пен нұрға толы аналар, арулар бейнесі жазылған туындылар жинақталды. Мақсаты: Музей қорындағы жәдігерлерді насихаттау, Қазақстан бейнелеу өнеріндегі әйелдер бейнесін қаламына арқау еткен суретшілердің туындыларымен таныстыру, суретші шығармалары арқылы аяулы да, мейрімді асыл аналар мен сұлу бойжеткендерге, жалпы әйел затына деген құрмет пен махаббатты жеткізу. Көрмеге музей қорынан Ж.Аралбаевтың, М.Қалимовтың, Л.Қалимованың, С.Мәмбеевтің, Е.Невежинің, Ә.Хайдаровтың, С.Гузееваның, т.б. суретшілердің туындылары қойылды. Таныстырушы экскурсия жүргізуші Ақкенже Белгіқызы.