Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Жыл өткен сайын біздің мемлекетіміздің керегесі көріктеніп, шаңырағы биіктеп келеді.
2021 жылдың 17 наурызында "Тарихқа тағзым" күніне орай Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде қор туындыларынан көрме өткізілді. Көрмені Мақат мұнай және газ техникалық колледжінің 1- курс студенттері тамашалады. Мақат мұнай және газ техникалық колледжінің басшысы Тасбаев Ізтұрған Молдабекұлына және ұжым қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.
Біздің жасампаз тарихымызды елдің әрбір азаматы мақтан етуі тиіс. Сондықтан, біз тамырын тереңге тартып, тәуелсіздікпен бірге мәуесін жайған тарихи танымды ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет. Ел бірлігін еселейтін бұл құндылықтар отаншылдық сезімін орнықтырады. Сонда тәуелсіздігіміз мәңгі, ұлысымыз ырысты болады.