Қазақ ұлтының кешегі көрінісі көшпелі болса, бүгінгі күнде тәуелсіздігін алған егемен ел. Еліміз басына түскен сын сағаттарда сыннан сүрінбей өтіп,тарыдай шашылмай, жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен ауызбіршіліктің туын желбірете білді. Халқымыз «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» 130 түрлі өзге ұлт өкілдерімен бірге қырық пышақ болмай, тату тәтті өмір сүріп, қаймағымыз бұзылмаған елге айналдық. Қазақстан-өзге ұлт өкілдерінің де өмір сүріп жатқан Отаны, ұрпақтарының кіндік қаны тамған жері.Осы ұлт өкілдерімен қоян қолтық араласып түсінісуіміз, достығымыздың жарасуы, қиын қыстау кезеңде бір құйқаны бірге бөлісіп жеп, көзімізді алартпай тереземіз тең, керегеміз кең бір шаңырақтың астында өмір сүруіміз - біздің еліміздің ең басты байлығы болып табылады.
1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан» тақырыбында Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі қорындағы туындылардан тақырыптық дәрісті назарларыңызға ұсынамыз.