КГКП «Музей художественного и декоративно-прикладного искусства Атырауской области
имени Шаймардана Сариева
Управление культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области

«Шексіз әлеммен сырласқан» тақырыбындағы шығармашылық көрме

2021 жылғы 30 маусымда Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейінде ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының және Қазақстан Республикасы Дизайнерлер Одағының мүшесі, жерлесіміз, белгілі қылқалам шебері Даулетияров Манарбек Шариполлаұлының 60 жас мерейтойына арналған «Шексіз әлеммен сырласқан» тақырыбындағы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Қылқалам шебері, жерлесіміз Манарбек Шариполлаұлының бейнелеу өнеріндегі шығармашылығын насихаттау, қылқалам шеберінің жеке қорында сақталған 70-тен аса туындыларымен көрерменді кеңінен таныстыру. Суретшінің шығармалары жарияланған каталогтың тұсаукесер рәсімін көрермен назарына ұсыну.
Даулетияров Манарбек Шариполлаұлы 1961 жылы 31 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген.
1980-1985 жылдары Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік педагогика институтының «Көркемсурет» факультетінде білім алған.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Дизайнерлер Одағының мүшесі атанған.
2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі. 2007 жылдан бастап әлі күнге дейін Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы облыстық өнер музейінде суретші-жаңғыртушы болып еңбек етіп келеді.
Отбасылық, қалалық, республикалық, сондай-ақ халықаралық көрмелердің, конкурстардың, симпозиумдар мен пленэрлердің дипломанты және қатысушысы. Атырау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Ақ Желкен» шығармашылық орталығының отандық өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттарымен марапатталған. Қажырлы еңбегі үшін 2020 жылы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.
Еңбектері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейі, Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі, Кипр заманауи өнер музейі қорларында, сонымен қатар Йорк ханзадасының (Ұлыбритания), кипрлық кәсіпкер, филантроп және меценат Суат Гюнсельдің (Suat Irfan Günsel), Қазақстан, Ресей (Мәскеу қ.), Англия, Солтүстік Кипр, Дания, Оңтүстік Корея, ОАР (Кейптаун қ.) , АҚШ елдерінің жеке коллекцияларында сақтаулы.
Салтанатты кеште Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі басшысы Төлеген Орынбасарұлы құттықтап, алғыс хат табыс етті.
Каталог дегеніміз – суретішінің ұзық жылғы еңбегінің жиынтығы. Бердімұратов Самат Сембайұлы мен Төлеген Орынбасарұлы суретшінің туындылары жинақталған каталогтың тұсаукесер рәсімін өткізді.
Уақыт өткен сайын жарқырай түсетін, сан ғасырлар өтсе де өзінің мәні мен мағынасын ешқашан жоғалтпайтын шынайы құндылықтардың бірі бейнелеу өнері саналады. Қазақ бейнелеу өнерінде жүрек түкпіріндегі сырын сурет әлеміне сыйғызып, сол сурет арқылы өз сезімін көпшілікке ұсынатын өнер иесі Манарбек Шариполлаұлының бүгінгі көрмесіне әпкесі Давлетьярова Роза Шариполлақызы, отбасының сыйлас ағасы, өнердегі қамқоршысы Бердімұратов Самат Сембайұлы, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшелері Телеубай Бақтыгерей Селдірұлы, Аманов Қамбарбек Хасенұлы, Шеруенов Мұхтар Қабдығалиұлы секілді қылқалам шеберлері, әріптестері, ағайын-туыстары, достары, замандастары қатысып, шын жүректен шыққан тілектерін айтты. Шараны Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония өнерпаздарының орындауында ән-күйден шашуы тыңдалды.
Суретшінің әр туындысы терең ой береді. Әдемі қанық бояу, қылқаламмен өрнектелген сызықтар өнер табынушыларына ой салары анық. Бұл Манарбек Шариполлаұлының ерекшелігін айқындайды. Кешіміздің соңында ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, ҚР Суретшілер Одағының және Дизайнерлер Одағының мүшесі Манарбек Шариполлаұлының 60 жас мерейтойына арналған «Шексіз әлеммен сырласқан» тақырыбындағы шығармашылық көрмесін ашу үшін салтанатты лента қию рәсімі өткізілді. Лента қию рәсімі ҚР Суретшілер Одағының мүшелері, суретшілер Бақтыгерей Телеубай, Қамбарбек Амановқа және Айса Бақтиярұлына берілді. Көрмеге жиналған қала тұрғындары мен қонақтары қылқалам шеберінің 70-тен астам туындысын көрме залынан тамашалады.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
muzei92@mail.ru
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ