КГКП «Музей художественного и декоративно-прикладного искусства Атырауской области
имени Шаймардана Сариева
Управление культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области

«Қылқалам ұшындағы құдірет» атты музей қоры туындыларынан жасақталған көрменің ашылу салтанаты өтті

2021 жылдың 6 тамыз күні сағат 15.00-де Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қылқалам ұшындағы құдірет» атты музей қоры туындыларынан жасақталған көрменің ашылу салтанаты өтті.

Мақсаты: Қазақстан бейнелеу өнерін музей қоры туындылары арқылы кеңінен насихаттау, музейаралық қатынастарды нығайту, рухани құндылықты жаңғыртып, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлау. Көрмені ҚР Ұлттық музейі басшысының орынбасары Сатубалдин Абай Кәрімтайұлы ашып, ҚР Ұлттық музейі мен Ш.Сариев атындағы Өнер музейінің бірлесе ұйымдастырған көрменің ашылуымен құттықтап сәттілік тіледі. Кеш барысында "Қазақконцерт" концерттік бірлестігіне қарасты "Астана сазы" мемлекеттік фольклорлық ансамблінің домбырашысы Әділ Жүнісов Махамбеттің "Жұмыр қылыш" күйін орындады. ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, мәдениет саласының үздігі, профессор Сәрсенбай Әлиев өзінің жүрекжарды лебізін жолдады. Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы көрменің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған ұжымға алғысын білдіріп, Алғыс хат және ҚР Ұлттық музей қорына белгілі қылқалам шебері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Манарбек Давлетьяровтың «Қыздар» туындысын естелік сыйлық ретінде табыс етті.

Көрмеге Ш.Сариев атындағы өнер музейі қорындағы Қазақстандық көрнекті қылқалам шеберлерінің заманауи өнер туындылары ұсынылып отыр. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын, қоғаммен бірге дамыған өнер әр кезеңнің өшпес ізін қалдырып отырды. Әр түрлі шығармашылық сипаттағы және әр түрлі темпераментті суретшілердің өз талантын күрделі және көп қырлы техникада қалай суреттелетінін экспозиция айқын көрсетеді.

Көрмеде КСРО Суретшілер Одағының мүшелері Ш.Сариевтің, Ж.Шарденовтың, С.Мәмбеевтің, Ә.Молдабековтың, С.Романовтың, М.Калимовтың, Ә.Сыдыхановтың және жергілікті қылқалам шеберлері Қ.Досниязовтың, Ж.Аралбаевтың, М.Давлетьяровтың, Қ.Амановтың, С.Кәрібайдың, Р.Слекеновтың және басқа да көптеген суретшілердің туындылары көрермен назарына ұсынылды.

Көрмеге қойылған барлық жұмыстар ерекше дарын иелерінің ой ұшқырлықтары мен асқан шеберліктерінен туындаған туынды болып табылады. Олар негізінен портрет, пейзаж сынды кеңінен тараған жанрларда орындалған. Барлық авторларға тән ортақ ұқсастық – табиғи және заттық әлемнің әсемдігі мен құпия сырларын ашуға деген қызығушылық, туған жерге деген махаббат.

Әбдірашит Сыдыханов өнердің алғашқы сатысында жаңа стильге тән қағидаларды жаңғыртты, кейін ұлттық көркемдік модель идеясын түпкі мәніне қарай дамыта отырып, «бейнелік кескіндеме» тұжырымдамасын алға тартты. Бұл қазақ кескіндемесінің бүгінгі таңдағы биік сатыларының бірі десек, артық айтпаған болар едік.

Қазақ халқының ұлттық өнер дәстүрлерін импрессионизмнің бастауыштарымен синтездеген Сабыр Мамбеевтің шығармашылығы лирикалық сарынмен ерекшеленді.

Табылды Мұқат шығармашылығында тарихи тақырыпта жазылған «Исатай-Махамбет» туындысы ішкі сезім мен ерекше мінезге толы. Суретшінің өз халқының ұлттық тарихи дүниесін, дәстүрін бойына сіңіре отырып бейнелеген ауқымды шығармасы.

Туындыда тарихи тақырып қамтылған. 1836-1838 жж қазақ халқының ұлт азаттық күресінің қос батыры Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының бейнелері суреттелген. Артқы бөлікте қос батырдың аттары ерттеулі тұр, күн сәулесі Нарын құмының түсіне ұқсас, ашық сарғыш түстерде бейнеленген. Ал «Жайық жағасындағы үй» туындысында автор Жайық өзенінің жағалауын асқан шеберлікпен бейнелейді. Жап-жасыл ағаштар, көкжиек, табиғаттың керемет көрінісі келтірілген.

Қамбарбек Аманов, Қабдол Досниязов туындылары табиғат пен адам арасындағы мәңгі байланысты көрсетеді. Бірі өз туындыларын қанық түсті бояулармен берсе, енді бірі солғын түстерді пайдалану арқылы өз шеберлігін көрсетеді.

Шаймардан Сариевтың сары-қоңыр түстермен портреттік жанрда салынған туындылары суретшінің өзіне ғана тән қайталанбас қолтаңбасын танытады. Көрме ұйымдастырушылары бұрын көпшілікке беймәлім авторлардың кескіндемелік туындыларын мүмкіндігінше кеңірек таныстыруға ұмтылды.

«Қылқалам ұшындағы құдірет» көрмесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда кескіндеме жаухарларын көріп, түсінуге мүмкіндік береді. Көрмеге 65 жәдігер қойылды.

Көрме тамыз айының 23-іне дейін жалғасады

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
muzei92@mail.ru
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ