2021 жылы 15 қазанда "Ұстазым менің, ұстазым" тақырыбында бейнелеу әлемінде өзіндік орны бар ұстаз суретшілер туралы дәріс-сағаты өтті. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.
Бүгінгі дәріс сағатымызда Ә.Жантасов, А.Отаралиев, Е.Дәукенов секілді балалардың бойына бейнелеу өнерінің түрлі қыр-сырын дарытып жүрген суретші-мұғалімдердің өмірбаяны, жеткен жетістіктері мен шығармашылығы жайында айтылды. Дәріс-сағатына Өнер музейі жанындағы бейнелеу өнері студиясының оқушылары қатысты.