КГКП «Музей художественного и декоративно-прикладного искусства Атырауской области
имени Шаймардана Сариева
Управление культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области

«Атырауда алтын күз» атты шығармашылық көрмесі

2021 жылдың 22 қазан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде музей жанындағы көркемсурет студиясы оқушыларының «Атырауда алтын күз» атты шығармашылық көрмесі өтті.
Шараның мақсаты: студия оқушыларының сурет салуға деген қызығушылығын, талпынысын арттыру. Күз мезгілінің кереметтігін, жаз табиғатының күзге ауысуы, жапырақтардың сарғыш түске боялып, алтын күзге айналуын студия оқушыларының қылқалам ұшынан шыққан туындылары арқылы бейнелеу.
«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан» -деп жазылған Абай атамыздың «Күз» өлеңінде күз мезгілінің пейзажын суреттеген секілді. Бүгінгі шарамызға студия оқушылары мен ата-аналары қатысты. Көрмені ашуға және көрмеге қатысушы студия оқушыларын марапаттау үшін Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі басшысының орынбасары Шахманова Р.Қ. сөз берілді. Студия мұғалімдерінің бірі Дәукенов Елеуғали ата-аналар мен оқушыларды күз мезгіліне арналған көрмемен құттықтап, студия оқушыларына шеберлік сағатын өткізді.
Студия оқушыларымен күз мезгіліне қатысты ойындар ойнатылды. Оқушылар ойынға белсене қатысып, шарамыз қызықты өтті.
Келді, міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз! – дей келе шарамызды аяқтадық.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
muzei92@mail.ru
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ