КГКП «Музей художественного и декоративно-прикладного искусства Атырауской области
имени Шаймардана Сариева
Управление культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области

«Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Туған жердің киесі – ата-баба, ал осы жердің иесі – бүгінгі ұрпақ десек, ұрпақ алдында тұрған ең басты міндет – әр кезеңнің ішіне бүккен сырлары мен тарихымыздың хатталмаған шындығын жүйелеп, зерттеу. Біздің ата-бабамыздың айрықша қасиеті – ұрпақ өз тарихын білгісі келсе, оған да мүмкіндік берген.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы мұнайлы өлкеде өз жұмысын бастады. Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен шара аясында Алтын Орда тарихының ақтаңдақ беттерін, кескін-келбетін кенеп бетіне түсіруге келген суретшілердің республикалық симпозиумы өтуде. Симпозиумға Нұр-Сұлтан қаласынан ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем Академиясының академигі Маханбетов Сейсенхан Орынбекұлы, Нұр-Сұлтан қаласынан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер Академиясының академигі Айтуаров Ерлан Сахинұлы, Атырау қаласынан белгілі суретшілер ҚР Суретшілер және Дизайнерлер Одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының мүше-корреспонденті, ҚР Мәдениет саласының үздігі Аманов Қамбарбек Хасенұлы, ҚР Суретшілер және Дизайнерлер Одағының мүшесі, ҚР “Мәдениет саласының үздігі” Даулетияров Манарбек Шариполлаұлы, ҚР Суретшілер және Дизайнерлер Одағының мүшесі Жантасов Әділқайыр Пангерейұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық Дизайн Академиясының академигі, ҚР Суретшілер және Дизайнерлер Одағының мүшесі Кендір Отарбай Қанатұлы, Республикалық, облыстық көрмелерге қатысушы суретші Елеуғали Дәукенов, ҚР Суретшілер Одағының мүшелері Арыстанов Есім Нұрлығайынұлы, Абзалов Сағын, Махамбет Өтемісұлы атындағы Республикалық сыйлықтың лауреаты Телеубай Бақтыгерей Селдірұлы қатысуда. Ерекше форматта өтіп жатқан мега жоба – ғылыми-практикалық конференция аясында ұйымдастырылып отырған суретшілер симпозиумына қатынасушылар туған жердің тарихи кезеңдерін, Алтын Орда дәуірінің кескіні мен келбетін кенеп бетіне түсіруде.
Шындығында, шынайы тарихымызды жазып, тәрбиелік маңызы зор тұстарын насихаттау барымызды бағалауға жеткізеді. Бабалардан қалған керемет қасиет – ұрпағы тарихын білгісі келсе, еңбектеніп, іздеп табарлық белгілер, мәліметтер қалдырған. Тек оны сөйлете білу үшін тынбай еңбектену керек. Төл тарихты тереңірек тану – қазақ азаматының парызы. Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шежіресінде 20-дан астам хан билік құрған. Шынында, зерттелуі аз. Әлі де терең зерттеу қажет. Өйткені, қойнауы қат-қабат қалың парақтармен толысқан тарихымызды, өткен шежіремізді біліп, оны жадыда сақтау – бабаның аманаты, ұрпаққа парыз. Төл тарихты зерделеуге, тарих тағылымын болашақ ұрпаққа жеткізуге қылқалам шеберлері де осылайша өз үлесін қосуда.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
muzei92@mail.ru
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ