КГКП «Музей художественного и декоративно-прикладного искусства Атырауской области
имени Шаймардана Сариева
Управление культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области

Музейлік «QUEST» сайысы болды

2021 жылғы 10 қараша күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде облыстық мектеп-гимназия оқушылары арасында Музейлік «QUEST» сайысы болып, оған облыстық 4 мектеп-гимназиядан оқушылар қатысты.

Музейлік «QUEST» мақсаты: Музей туындыларын жас ұрпаққа насихаттау және музейге қызығушылығын арттыру. «QUEST» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «іздеу» немесе «оқиға» дегенді білдіреді. Кез-келген оқиғаны іске асыруда іздену арқылы жүзеге асатын ойын, тапсырмалар. Бүгінде көпшілік арасында танымал музей аудиториясымен, білім мекемелері шәкірттерімен белгілі бір топ құру арқылы жүргізілетін жұмыстың жаңа түрі – бұл «QUEST» ойыны. Музейлік «QUEST» сайысының тапсырмаларын орындау арқылы балалар музей қорындағы жәдігерлермен, бай туындыларымен жете танысып, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра түседі. QUEST сайысына қатысушылар практикалық тапсырмалар арқылы Өнер музейі, Art-Gallery туралы мол мағлұмат алады, комуникативті дағдыларды бойына сіңіріп, топпен нәтижелі жұмыс жүргізуге үйренеді, ортақ мақсатқа жету жолдарының бағыттарын табуға дағдыланады. QUEST – шытырман ойын түріндегі сайыс.

Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінің басшысының орынбасары Роза Қабдрашқызы салтанатты шараны ашып, сайысқа қатысушы барлық командаға жетістіктер тіледі.

QUEST – сайысы 4 бөлімнен құралған. 1. Quest («Тез тап»). 2. Зияткерлік Академия. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты («Тәуелсіздік тағылымы»). Залға экскурсия жасау арқылы берілген сұрақтарға жауап беру. 3.Жасырынған жұмбақ. (Экспозиция залдарының жалғыз жұмбақ-конверті). 4.Құрастыру («Кім жылдам?»).

Төрт команда QUEST-тің бірінші бөлімінде Әділ-қазылар алдынан тапсырманы алып, сұрақтардың жауаптарын музей залдарынан іздеп тапты. Ал сайыстың келесі бөлімінде жүргізілген экскурсия барысында Музейлік «QUEST»-ке қатысушылар экскурсияны ыждаһаттылықпен тыңдап, музей залдарымен кеңінен танысты. Бұл бөлімнің сауалдары осы экскурсия барысынан алынып қойылған болатын. Бұл бөлім балалардың әрқайсысының үлкен жауапкершілікпен, айтылған әр ақпаратты ыждаһаттылықпен тыңдап, еске сақтап алу қабілеті арқасында жауап беруімен маңызды болды. Ал сайыстың үшінші бөлімінде төрт команда төрт залға барып сол залда жасырынған конвертті тауып алуы тиіс. Онда сол залдағы экспонаттар туралы бір сұрақ қойылған. Бұл да балалар үшін шапшаңдықты, жауапкершілікті талап еткен, қызыққа толы шытырман сайыс болды. Балалар «Жасырынған жұмбақты» табуға Сариев залы, Махамбет залы, Сарайшық залы және Графика залында іздеу жұмыстарына қызыға кірісті. Ал QUEST-тің төртінші бөлімінде «Кім жылдам?» ойыны өткізілді. Сайыскерлер белгілі бір уақытта пазл жинақтап, музей қорындағы туындыны құрастырып үлгерді.

Музейлік «QUEST» сайысына қатысып, белсенділік танытқан барлық оқушыларға және жетекшілеріне алғыс хат табыс етілді. Ал жүлделі үшінші орынға Дүйсенғали Байбосынов атындағы №13 мектеп-гимназия оқушылары, екінші орынға №35 Хамит Ерғалиев атындағы мектеп-гимназия, бірінші орынға №34 көп салалы мектеп-гимназия оқушылары ие болды. Музейлік «QUEST» сайысында Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназия оқушылары бас жүлдені жеңіп алды. Барлық команда естелік сыйлық және дипломдармен марапатталды, балаларға бағалы сыйлық – сымсыз құлаққаптар табыс етілді.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
muzei92@mail.ru
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ