2021 жылы 15 қарашада Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде 15 қараша ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енгізілген күніне орай тақырыптық дәріс-сағаты өтті.
Дәріс-сағатта "теңге" сөзінің және теңгенің шығу тарихы, алғашқы теңгенің дизайны, теңгенің айналымға енгізілуі, ҚР Тұңғыш банкнот фабрикасы, айналымға енгізілген жаңа банкноттар, Ұлттық Банк музейі туралы мағлұмат берілді.
Шараға Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып, ұлттық валютамыз - теңге туралы дәріс тыңдады. Студенттерге Өнер музейі залдарынан экскурсия жүргізілді.
Экскурсия жүргізушісі А.Дюсенғали.