КГКП «Музей художественного и декоративно-прикладного искусства Атырауской области
имени Шаймардана Сариева
Управление культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области

«Тұғыры биік – Тәуелсіздік» тақырыбында көрме

2021 жылдың 14 желтоқсан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай музей қоры туындыларынан «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» тақырыбында көрме өтті.
 
Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді.
 
Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
 
Аталған шараға музей қорынан Қ. Амановтың «Қаһарлы желтоқсан», «Тәуелсіздік жолында», А.Утаралиевтың «Армандаған Ақсәуле», «Тағзым», Т.Халинның «Желтоқсан рухы», А.Айтмагамбетовтың «Тәуелсіз Қазақстан», Ж.Рахметовтың «Бабалар рухы» және т.б. осы секілді туындылар қойылды.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
muzei92@mail.ru
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ