КГКП «МУЗЕЙ ХУДОЖЕСТВЕННОГО И ДЕКОРАТИВНО-ПРИКЛАДНОГО ИСКУСТВА АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
ИМЕНИ ШАЙМАРДАНА САРИЕВА
УПРАВЛЕНИЯ КУЛЬТУРЫ И РАЗВИТИЯ ЯЗЫКОВ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ»

"Ұлттық тағылымдағы натюрморт" тақырыбында шығармашылық көрмесі және шеберлік сағаты өтті

2023 жылы 26 қаңтар күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде көркемсурет студия оқушыларының  "Ұлттық тағылымдағы натюрморт" тақырыбында шығармашылық көрмесі және шеберлік сағаты өтті.

Көрменің мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру; заттардың әр түрлі көлемін салыстырмалы түрде елестете отырып, әр жазықтарға бөліп, геометриялық бөліктерге дағдыландыру; сурет салудың заңдылықтарын үйрету.

Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Натюрморт (фр. nature morte - өлі табиғат) - бейнелеу өнері жанрының бірі, қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.

Натюрморт - жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Осы бағытта балаларға натюрморт жанры туралы мағлұмат берілді. Балалардың бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру мақсатында ойындар ұйымдастырылды. «Сурет жанрын тап», «Ойлан тап» ойындарына студия оқушылары белсене қатысып, сұрақтарға тез-тез жауап берді. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Ойын барысында балалардың жаңа қырлары таңылды. Көркемсурет студиясының мұғалімі, суретші Елеуғали Дәукеновтың «Ақ мол болсын», «Тепе-теңдік», «Дәмді бауырсақ» атты туындылары оқушылардың назарына ұсынылды.

Студия мұғалімі Жадыра Нұрлыбекқызы «Ұлттық тағылымдағы натюрморт» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатында балалар өздерінің суретке деген қызығушылығын танытып ерекше әсер алды.   

Оқушылардың шығармашылық көрмесіне 20-ға жуық туынды қойылды. Балалар өздерінің көрмеге қойылған жұмыстары туралы айтып, ойларымен бөлісті. Көрме соңында белсене қатысқан студия оқушыларына ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
sariev_museum@mail.kz
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ