КГКП «МУЗЕЙ ХУДОЖЕСТВЕННОГО И ДЕКОРАТИВНО-ПРИКЛАДНОГО ИСКУСТВА АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
ИМЕНИ ШАЙМАРДАНА САРИЕВА
УПРАВЛЕНИЯ КУЛЬТУРЫ И РАЗВИТИЯ ЯЗЫКОВ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ»

Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлының шығармашылығына арналған тақырыптық дәріс-сағат өтті

2023 жылдың 12 сәуір күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлының шығармашылығына арналған тақырыптық дәріс-сағат өтті. 

Шараның мақсаты: музей көрермендерін суретшінің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру. Өнер музейі қорындағы туындыларын насихаттау. 

Сембіғали Смағұлов – қазақстандық суретші, мүсінші. 1963 жылы 7 қарашада Жезқазған облысы, Тоғанбай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемөнер институтының Көркемөнер факультетін бітірген,символист-суретші, мүсінші. 100-ден астам монумент жұмыстарының авторы. «Қазақ елі» монументінің бірлескен авторы. Сембіғали Смағұлов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қытайдағы Нанькин көркемсурет университетнің құрметті профессоры.

Суретшінің айтуы бойынша: «Шынайы суретші қандай кедергі болмасын жеңе білуі қажет. Қиындыққа қарамастан бойына дарыған қасиетті жоғалтып алмай, сурет салуды тоқтатпаған адам – нағыз суретші болады».

Бүгінгі дәріс-сағатта Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжінің студенттері сурет өнерін серік еткен суретшілердің бірі – Смағұлов Сембіғалидың өмірбаяны мен шығармашылығымен, Өнер музейінің қорындағы суретшінің «Аңыз», «Атыраудың мешіті», «Жайықтағы қайық», «Ғазиза» секілді туындыларымен танысты.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
sariev_museum@mail.kz
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ