КГКП «Музей художественного и декоративно-прикладного искусства Атырауской области
имени Шаймардана Сариева
Управление культуры, развития языков и архивного дела Атырауской области

«Ұрпаққа ұран Ұлы Жеңіс» атты музей қорындағы суретшілер туындыларынан көрме өтті

2023 жылдың  5 мамыр  күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы  көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 7 мамыр – «Отан қорғаушылар күні», 9 мамыр – «Ұлы Жеңіс күні» мерекелеріне арналған «Ұрпаққа ұран Ұлы Жеңіс» атты музей қорындағы суретшілер туындыларынан көрме өтті. 

Шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың туған елін, жерін, Отанын құрметтеуге патриоттық сезімін ояту. Отан үшін жан қиған батырларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтау. Музей қорындағы туындыларды насихаттау.

7 мамыр – Отанымыздың шекарасын күзетіп, бейбітшілігіміздің бұзылмауына өз үлестерін қосқан ардагерлеріміздің, олардың ізін жалғаған жаужүрек азаматтардың мерекесі.

Ұлы Жеңіс күні батырларымыздың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке. 

Шарада Отан алдындағы борынтарын өтеп жүрген сарбаздарды 7 мамыр  мерекесімен құттықтап, елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген 9 мамыр мерекесіне арналған музей қоры туындыларынан көрме өткізілді. Көрмеге Т.Халинның «Мәңгілік үміт», «Қырық бестің көктемі», О.Кендірдің «Халық қаһарманы–Хиуаз Доспанова», М.Қалимовтың «Генерал С.Нұрмағанбетов бейнесі», О.Тулешовтың «Өмірімді қиямын», Қ.Амановтың «Отты жылдар», «Соңғы шайқас», «Рақымжанның ерлігі»,  Е. Даукеновтың  «Әлия әні», «Қара кемпір», Ә.Жантасовтың «Соғыстың іздері. Жеңістің көз жасы», И.Арыстановтың «Иманқара» секілді туындылары қойылды. 

Шараға ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып, музей залдарына өткізілген экскурсиядан ерекше әсер алды..

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
muzei92@mail.ru
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ