КГКП «МУЗЕЙ ХУДОЖЕСТВЕННОГО И ДЕКОРАТИВНО-ПРИКЛАДНОГО ИСКУСТВА АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
ИМЕНИ ШАЙМАРДАНА САРИЕВА
УПРАВЛЕНИЯ КУЛЬТУРЫ И РАЗВИТИЯ ЯЗЫКОВ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ»

Жұмалиев Талғат Серікбайұлының шығармаларына арналған дәріс сағат өтті

2024 жылдың 27 қараша күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Қолөнер шебері» тақырыбында   белгілі қолөнер шебері  Жұмалиев Талғат Серікбайұлының шығармаларына арналған  дәріс сағат өтті.

         Дәріс сағаттың мақсаты – ел мәдениетінің мәйегі саналатын қолөнер шеберлігін таныту  және  туындыларды таныстыру. Шебер осы уақытқа дейін 500-ге жуық туындыны жасап шығарған. Бұйымдардың ішіндегі ерекшесі қару іспетті садақ. Құрылымы көне әдіс бойынша ерен ағашынан істелген.Оған бұл кәсіп әке қанымен берілген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "суретші-педагог" мамандығына білім ала жүріп, қосалқы еңбекке араласқан студент жігіт әкесінің ағаш шеберханасында оған көмекші болды..

          Жоғары білім алған соң Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Құрманғазы ауданына қарасты бөлімшесінде еңбек етті. Кейін жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында "Алтын сандық" қолөнер шеберханасын ашты.

        Қолөнер шебері 2015 жылы "Халық өнері — асыл қазына" атты қолөнер шеберлерінің облыстық сайысында бас жүлдені иеленеді. Ал Талғаттың ең ірі жеңісі — туындыларының Астанада өткен "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі төрінде орын алуы оның шеберлігін көрсететіні анық.

          Дәріс сағатты музей көрермендері тыңдады.

График работы

ДАТА
ВРЕМЯ
Понедельник
9:00–18:30
Вторник
9:00–18:30
Среда
9:00–18:30
Четверг
9:00–18:30
Пятница
9:00–18:30
Суббота
9:00–18:30
Воскресенье
9:00–18:30
Перерыв на обед
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронная почта:
sariev_museum@mail.kz
Адрес:
060002, город Атырау,
проспект Азаттык, 11
Designed by TORUS.KZ