2025 жылғы 23 желтоқсанда Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Жаңа жыл мерекесіне орай студия оқушыларының «Сиқырлы аяз сызықтары» атты шығармашылық көрмесі өтті.
Көрмеге бейнелеу өнері студиясында тәлім алып жүрген жас суретшілер өз қолымен салған түрлі жанрдағы жұмыстарын ұсынып, қысқы ертегілер әлемін қағаз бетіне түсіріп, Жаңа жыл сиқырын көрерменге жеткізе білді.
Шара барысында балалар екі топқа бөлініп, шығармашылық жарысқа қатысты. Бірі – берілген тақырыпта сурет салып жарысса, енді бірі – көңілді ойындар арқылы тапқырлық пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Шара барысында балалардың шығармашылық қабілеті ғана емес, өз-өзіне деген сенімі мен командалық рухы да айқын байқалды.
Кеш соңында оқушыларға арнайы Жаңа жылдық сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
«Сиқырлы аяз сызықтары» көрмесі — балалар шығармашылығы мен мерекелік қуанышты үйлестірген, музей қабырғасындағы жылы әрі жарқын шара ретінде есте қалды.
















