2026 жылғы 13 қаңтарда Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, лингвист-ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының негізін салушы Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған «Қайталанбас тұлға» тақырыбында дәріс-сағат өтті.
Дәріс-сағаттың мақсаты – әйгілі ақын, жазушының 90-жылдығына орай, жастарға аталмыш тұлғаның өмірі мен шығармашылығы, еңбектері жөнінде мәлімет беру және суретшілердің ақын жөнінде жазған, музей қорында сақталған туындыларын таныстыру.
Жазушыны әлем "Адамға табын, Жер, енді" поэмасы арқылы таныды, ал "АЗ и Я" кітабы санада төңкеріс жасап, қоғамда резонанс тудырды. Оның "Невада – Семей" антиядролық қозғалысын құрып, Семей жерінде ядролық сынақтарды тоқтату жөнінде бастама көтерген қайраткерлігі – бір төбе. Бүгінгі дәріс-сағатымызда Еңбек ері, атақты ақын, жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы деректер, сондай-ақ, осы ірі тұлға жөнінде суретшілердің жазған, музей қорымызда сақталған туындылар жөнінде мәлімет ұсынғанды жөн көрдік.
Дәріс-сағатта А.Гурьевтің «Ақын Олжас Сүлейменов. Интернационалдық Қазақстан сериясынан», Н.Гаевтың «Ақын О.Сүлейменов» атты музей қорында сақталған туындыларға сипаттама берілді.
Дәріс-сағатқа қала тұрғындары қатысты.
















