2026 жылғы 29 мамыр күні Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «31 Мамыр-қуғын сүргін құрбандарын еске алу» күніне арналған «Отты жылдар шежіресі» атты дәріс-сағат өтті.
????️Дәріс-сағаттың мақсаты 31 мамыр — Қазақстан тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі болған саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн—жазықсыз жапа шеккен ата-бабаларымыздың рухына тағзым етіп, олардың ерлігі мен қайғысын ұмытпау күні.
????ХХ ғасырдың 20–50 жылдары Кеңес өкіметінің тоталитарлық саясаты салдарынан миллиондаған адам қуғынға ұшырады. Қазақ халқы ашаршылық нәубетін бастан кешіріп, көптеген зиялы қауым өкілдері «халық жауы» деген жаламен атылды, жер аударылды, лагерьлерге қамалды. 1931–1933 жылдары Қазақстанда болған ашаршылық қазақ халқы үшін орны толмас қасірет болды. Мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру саясаты халықты ауыр жағдайға алып келді.
????Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық — халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталатын ауыр тарих. Біз өткенді ұмытпай, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына тағзым етуіміз керек. Тарихты білу — болашаққа сабақ.Еліміздің тәуелсіздігі мен бейбіт өмірінің қадірін білу — әр азаматтың парызы.
????️Дәріс-сағатқа Музей жанындағы Бейнелеу өнері студиясының оқушылары қатысып, тарихи тағылымға толы мәліметтермен танысты. Қатысушылар ата-бабалар рухына тағзым етіп, өткен тарихты ұмытпау керектігін түсінді. Отправлено из мобильной Почты Mail.ru
















