Мақсаты –бейнелеу өнерінде өзіндік ерекшелігі бар суретші шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен таныстыру.
Суретші-тарихшы, суретші-зерттеуші Горбатов Аркадий 1937 жылы Уфа қаласында дүниеге келген. 1959 жылы Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесін тәмамдайды. Қазақ жерінің тарихына қызыққан суретшіелдің түкпір-түкпірін аралап, көне дәуірлердің тарихи-мәдени мұралары бейнелейді. Горбатов – ежелгі адамдардың тау-тасқа салған таңбалары мен суреттерін, көне мазарлар мен жерасты мешіттерін қылқалам көмегімен қағаз бетіне түсірген тұңғыш суретші.
Суретші қолынан шыққан туындылар еліміздің көптеген музейлерінде, сонымен қатар шет елдік жеке қорларда сақталған. Облыстық Өнер музейі қорында А.Е.Горбатовтың 30-дан астам туындысы бар.
Тақырыптық дәріс барысында суретшінің өмірі мен шығармашылығы жөнінде кеңінен айтылып, музей қорында сақталған туындылары таныстырылды.