«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Арий Георгиевич Школьный

Қазақстанның танымал қылқалам шеберлері мен олардың шығармашылығы жөнінде ақпараттар сериясын одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі жарияланымның басты кейіпкері – белгілі кескіндемеші Арий Георгиевич Школьный.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, суретші Арий Георгиевич Школьный 1926 жылы 27 желтоқсанда Орынбор қаласында дүниеге келген. 1932 жылдан Алматыда тұрып келеді. 1941 жылы Алматы көркемсурет училищесіне оқуға түседі, дегенмен 1943 жылы әскерге шақырылып, оқуын үзуіне тура келеді. 1943-1950 жылдары Тәжікстанда шекара әскерінде қызмет етеді. 1954 жылы қайтадан көркемсурет училищесіне оқуға оралып, 1957 жылға дейін кескіндеме профессоры А.М.Черкасскийдің шеберханасында дәріс алады.
Көркемсурет училищесін аяқтағаннан кейін алғашқы жылдары-ақ, 1950-жылдардың соңында А.Школьный белгілі қылқалам шеберлерімен қатар тұратын және өзінің салиқалы кескіндемеші екенін дәлелдейтін туындылар жазады. Оның жеңіл кескіндеме ырғағында жазылған және шебер лиризмге толы «Жайлау кеші» (1959), «Балықшылар колхозында» (1960), «Шопандар» (1960), «Көктем таңы» (1961) туындылары осының мысалы.
А.Школьный 1950-1954 жылдары Қазақ азаматтық авиация басқармасында, 1957 жылдан бастап Қазақстан Көркемсурет қорында суретші боп қызмет атқарады. 1965-68 жылдары Қазақстан Көркемсурет қоры басқармасының төрағасы, 1969-76 жылдары Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасының орынбасары болады.
Кескіндемеші 1958 жылдан бастап 200-ге жуық республикалық, бүкілодақтық және шет елдік көрмелерге қатысқан. А.Школьныйдың 40 шақты туындысы Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорында, 50-ден астам туындысы Қазақстан Республикасының облыстық көркемсурет музейлерінде сақтаулы. Ал қылқалам шеберінің Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде «Таң», «Маңғышлақтағы таң», «Іледегі таңғы күз», «Макаренконың бейнесі», «Шығыс», «Шығармашылық жайында ойлану» сынды 6 жұмысы сақталған.

Школьный картиналар топтамасы ауыл тақырыбына арнап жасады: "Жайлау кеші" (1958), "Шопан" (1960), "Көктем таңы" (1961), "Арал балықшылары" (1962), "Ақсақалдар" (1966), "Жоңғар малшылары" (1974), т.б. бар. 

2016 жылы 23 желтоқсанда сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арий Георгиевич Школьныйдың туғанына 90 жыл толуына арналған жеке көрмесі ашылды. Көрме экспозициясында Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорындағы суретшінің 1960-жылдардың басынан бастап салған картиналары мен автордың жеке меншігіндегі жұмыстары, жалпы саны 100-ге тарты жұмысы қойылады.
Көркемсурет училищесін аяқтағаннан кейін алғашқы жылдары-ақ, 1950-жылдардың соңында А. Школьный белгілі қылқалам шеберлерімен қатар тұратын және өзінің салиқалы кескіндемеші екенін дәлелдейтін туындылар жазады. Оның жеңіл кескіндеме ырғағында жазылған және шебер лиризмге толы «Жайлау кеші» (1959), «Балықшылар колхозында» (1960), «Шопандар» (1960), «Көктем таңы» (1961) туындылары осының мысалы.
1960-жылдары суретшінің шығармашылық мәнері оған тән композицияның ықшамдығымен, түстік байланысымен, нобай-кескіндерінің анықтығымен, қалыптарының монументалды тұрақтылығымен қиыса бастайды. 1960-1970-жылдары А. Школьныйдың шығармашылығында өмірлік сенім, романтизм, лирика мен эпикалық кеңдік үйлесіммен табысатын жанрлық суреттерінде еңбегінің жемісі басымырақ. Солардың ішінде «Мәңгілік» (1967), «Көктем. Ауыл қыздары» (1968), «Күннің басталуы» (1968) картиналары мен «Дала балладасы» (1970), «Аралдың қалыпты күндері» (1975) тариптихтары көбірек мәлім.
А. Школьныйдың шығармашылығы көп қырлы. Ол айналыспаған бейнелеу өнерінің жанрын атаудың өзі қиын: жанрлық картиналардан басқа тарихи тақырыпқа арналған композициялар, портреттер, пейзаждар, натюрморттар дүниеге келді. Суретшінің заттық этюдтерден туындаған портреттері, атап айтқанда, («Ақсақалдар», 1966), «Шопанның әйелі» (1965), «Санжар мен Жамал» (1968), «Шопан» (1970) және т.б. нақты адамнан гөрі бір типті көрсетуге бейім, оларды бір образдардың жиынтығы ма дерсің.
Астарында табиғатты бақылап, оның бүкіл егжей-тегжейін бере білетін пейзаж – суретшінің жаны сүйетін жанры. А. Школьный ел арасын көп аралады, өзі болған жерлердің суреттемесі мен этюдін де көп жасады. Алайда оның басты құштарлығы мен сүйіспеншілігі – көрермен алдында картиналарындағы өзінің қатаң сұлулығымен және жаратылысының құдіреттілігімен көрінетін Қазақстан жеріне, әсіресе оның тауларына арналды. А. Школьныйдың пейзаждары сияқты натюрморттары да ішкі күш-қуатқа толы. Оларда өзінің бүкіл шығармашылық өміріндегі сенімінен айырмаған жаратылысты жанымен сезінетін байқампаздықтың ізі жатыр.

 

 

 

 

 

 

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ