Мақым Мұстақұлы Қисамединов 1939 жылы 10 ақпанда Волгоград облысы Икрян ауданы Воскресенское селосында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. 1970-1980 жылдары «Жазушы», «Жалын» кітап баспаларында бас суретші, бас редактор болып істеді. График-суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Жастар одағы сыйлығының иегері, семсерлесуден КСРО спорт шебері.