«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Муллашев Камиль

Муллашев Камиль (1944 ж. т) -Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Татарстанның Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Г. Тоқай және Франция Көркемөнер академиясының күміс медалі иегері, академик. В. И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтында тамаша жоғары білім алған, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысып, КСРО Суретшілер Одағының және көркемсурет академиясының дипломдарымен марапатталды. Оның "Жер және Уақыт. Қазақстан" атты дипломдық жұмысы тек суретшінің визит карточкасы болып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның романтикалық символына айналды.

Уақыт пен мәңгілік туралы, адамның бірлігі мен үйлесімін және табиғи әлемді сақтау туралы ойлар, ғарыш идеясы, көшпенділердің дәстүрлі дүниетанымы енген біртұтас ғарыштық бастама ретінде әлемді қабылдаудың ашықтығы К. Муллашевтың барлық шығармашылығында көрініс тапты.Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінде оның «Радиация», «Темір жолдың салынуы» туындылары музей қорында сақталған.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ