1961 жылы 31 қаңтарда Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. 1980-1985 жылдары Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындагы Мемлекеттік Педагогика институтының «Көркемсурет» факультетінде білім алған. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі.Ш.Сариев атындағы Көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде суретші-жаңғыртушы болып қызмет атқарады. Көптеген Республикалық және облыстық көрмелердің қатысушысы. Суретшінің жұмыстары Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы Көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі мен Йорк ханзадасының Ұлыбритания қорында, Қазақстан, Ресей, Англия, Дания, Оңтүстік Корея, ОАР елдерінің жеке коллекцияларында сақтаулы.