1970 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері» факультетін тәмамдаған. Республикалық «Жігер-2001», «Шабыт-2002» көрмелеріне қатынасқан. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған облыстық конкурстың құрмет грамотасымен марапатталған. 2003 жылы Атырау қаласында жеке көрме ұйымдастырды. 2009 жылы Халықаралық әйелдер күніне арнап Р.Слекенов және С.Кәрібаевпен бірігіп көрме өткізді.