«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Қалимов Мұхит

1931жылы 5 мамырда Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген. 1958 жылы Алматыдағы Н.Гоголь атындағы  Көркемсурет училищесін үздік тәмамдаған. 1964 жылы Ленинградтағы Репин атындағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітіріп, кейіннен осы оқу орнындағы аспирантураны да аяқтайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор. 1967 жылдан КСРО(ҚР)  Суретшілер одағының мүшесі. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының  бейнесін жасағаны үшін 1996 жылы  М.Өтемісұлы атындағы сыйлықтың иегері атанды. Республикалық, Одақтық және Халықаралық  көрмелерге қатысқан қылқалам шебері  тарихымызда, мәдениетімізде белгілі болған қайраткерлеріміздің  бейнесін жасады. Рухани дәстүрді жалғастырушы Мұхит Қалимов  2002 жылы дүниеден өтті.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ