«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Мұхатов Табылды

1947 жылы Атырау облысы, Исатай ауданындағы Орпа ауылында туған. 1964 жылы Новобогаттағы ( қазіргі Хамит Ерғалиев ауылы) Амангелді атындағы орта мектепті бітіріп, Новобогат кеңшарында шопан болып, еңбек жолын бастады. 1968 жылы Алматыдағы Гоголь атындағы суретшілер училищесін бітірген.   Львов қаласындағы И.Федоров атындағы полиграфия  институтының түлегі. Қазақстан суретшілер Одағының Мүшесі. «1975 жылдан бастап баспа саласында кітап көркемдеу бөлімдерінде суретші редактор қызметтерін атқарған. Баспаларда жұмыс істеген отыз жылдай уақыт ішінде 500-ден астам кітаптың суретшісі болған. 2003жылы ұлы ақын Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына арнап «Құм жазуы» қарпімен орындаған  еңбегі  ЮНЕСКО-ның алтын медаліне және Махамбет атындағы сыйлыққа ие болған. Суретшінің туындылары еліміздің музейлері мен қатар Германия, Англия, Франция, Дания, Канада секілді елдерде жеке коллекцияларында сақталған.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ