«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Николай Степанович Гаев

Қазақстанның халық суретшісі Николай Степанович Гаев 1921 жылы РКФСР Челябинск губерниясында дүниеге келген.
1941 жылы Свердловск көркемсурет училищесін тәмамдайды ҰОС ардагері.
1946 жылы Алматы қаласына келіп, «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс жасайды.
1947 жылы Қазақ мемлекеттік оқу педагогикалық баспасына қызметке шақырылып, балаларға арналған кітаптарды, әліппе оқулықтарды безендірумен айналысады.
1955-1962 жылдары Қазақ мемлекеттік әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы» баспасы) бас көркем редактор боп қызмет атқарады.
1959 жылы КСРО Суретшілер Одағына мүше болады.
1962-1970 жылдары Қазақстан Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы, ал 1970 жылдан бастап графика акциясының төрағасы болады.
1963 жылы Қазақ ССР-ның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ал 1980 жылы Қазақ ССР халық суретшісі атағына ие болады.
Суретші линогравюра, офорт, қондырғылы графика техникасында өнімді еңбек етеді. Тың игеру тақырыбына байланысты бірнеше серияларды дүниеге әкелді. Сонымен қатар ҰОС батырлары, Әл-Фараби, Әбілқайыр, Кенесары, Абай, М.Әуезов сынды ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бейнесін қағаз бетіне түсіреді.
Н.Гаев туындылары көптеген республикалық, халықаралық көрмелерге қойылды.
Суретші туындылары Третьяков галереясында, Милан өнер музейінде, Ә.Қастеев атындағы МӨМ сақтаулы. Ал Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде халық суретшісінің 53 туындысы сақталған.
Суретші 2001 жылы Алматы қаласында дүниеден озған.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ