Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, суретші Дячкин Андрей Андреевич 1930 жылы Украинаның Донецк облысы Лозовая станциясында дүниегекелген.
1950 жылы Ворошилов град көркем сурет училищесін тәмамдайды.
1956 жылы Харьков көркемсурет институтын «Графика» факультеті бойынша аяқтайды. Осы жылы Қазақстанға қоныс аударады.
1957-1960 жылдар аралығында Н.В.Гоголь атындағыАлматы көркемсурет училищесінде қызмет етеді.
1957 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі.
1981 жылы қылқалам шеберіне Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Халықаралық, бүкілодақтық және республикалық көрмелердің қатысушысы.
1993 жылы Мәскеу қаласына қоныс аударған.
Суретші туындылары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, Третьяков галереясында, Мәскеу мемлекеттік шығыс халықтары өнері музейінде, Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде, сонымен қатар Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Израиль, Жапония елдерінде жеке коллекцияларда сақтаулы.
Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткеріА.Дячкиннің 56 графикалық жұмысы сақталған.