1970 жылы 2 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады. 1996 жылдан ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Мемлекеттік стипендиясының лауреаты. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған медальмен, шығармашылық өнерге қосқан үлесі үшін Қастеев атындағы Алтын медальдармен марапатталған.
Республикалық және халықаралық көрмелер мен симпозиумдардың қатысушысы.