1959 жылы 25 қараша күні Атырау облысы Исатай ауданы, қазіргі Тұщықұдық ауылында дүниеге келді.
1981-1985 жылдары Алматы қаласының Гоголь атындағы көркемсурет училищесінің ағаш шебері мамандығын тәмамдаған.
1985-2008 жылдары Атырау облысының Қазақстан Суретшілер Одағының безендіру өндірістік шеберханасында суретші-безендіруші жұмысын атқарды. 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Түрлі облыстық, аймақтық және республикалық көрмелерге қатысқан.